https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың Ұлы Жара­тушы тарапынан арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендіктеріне және олардың жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала мұсылмандарға жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман етуді бұйырады.Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тый­ым салынады. Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла Тағала тарапынан жіберіл­ген арнайы елші екеніне қалай иман келтірсек, басқа пайғамбарларға да дәл солай иман келтіреміз. Құранда:

وَمَن يَكْفُرْبِاللّهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَقَدْ ضَلَّضَلاَلاً بَعِيداً

«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады…»,[1] — делінеді

Жер бетін нұрландырып, адамзатқа тура жолды нұсқап, ақиқат пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету үшін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген жалпы пайғамбарлардың толық әрі нақты саны бір Аллаға мәлім. Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда есімі көрсетілген Узайр, Луқман, Зулқарнайн атты үш кісінің пайғам­бар яки үлкен әулие екендігі жайлы ғұламалардың арасында әр түрлі пікір бар.

Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы бір қауымға белгілі бір уақыт үшін ғана келсе, әз елші Мұхаммед (с.а.у.) қияметке дейінгі барлық адамзат үшін ақырғы пайғамбар ретінде жіберілуімен ерекшеленеді. Ол (с.а.у.) өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың ерекшеліктері мен мәртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.) алып келген ислам діні алдыңғы барлық діндердің мән-мазмұнын қамтиды. Пайғамбарлық міндеті оның елшілігімен нүктеленгендіктен одан кейін ешбір пайғамбар келмек емес. Алла Елшісі (с.а.у.) келгеннен кейін барлық пайғам­барлардың алып келген діндерінің үкімі тоқтады.

ҚҰРАНДА АТЫ АТАЛҒАН ПАЙҒАМБАРЛАР

1.Адам (а.с.)

2.Идрис (а.с.)

3.Нух (а.с.)

4.Һуд (а.с.)

5.Салих (а.с.)

6.Ибраһим (а.с.)

7.Лут (а.с.)

8.Исмайл (а.с.)

9.Исхақ (а.с.)

10.Шуғайб (а.с.)

11.Яқуб (а.с.)

12.Юсуф (а.с.)

13.Әйюб (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.)

15. Юнус (а.с.)

16. Мұса (а.с.)

17. Һарун (а.с.)

18. Иляс (а.с.)

19. Әлиаса’ (а.с.)

20. Дәуід (а.с.)

21. Сүлеймен (а.с.)

22. Зәкария (а.с.)

23. Иахия (а.с.)

24. Иса (а.с.)

25. Мұхаммед (с.а.у.)

[1] Ниса сүресі/136.