https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Молдахметов Анет Омарханұлы 1980 жылы 3 қарашада Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген.

1986 жылы 1 сыныпқа барып, 1996 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 10 сыныптан бастап аудандық мешітке барып дәни дәріс алған.

1998 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Меркі  медресесіне түсіп, 2000 жылы тәмамдаған.

2000 жылдан 2006 жылға дейін Алакөл ауданы, Көктұма ауылының имамы болып істеген. Имамдық қызметін атқара жүріп, 2001 жылы Алматы қаласының Дарын әлеуметтік-гуманитарлық институтының тарих және география факультетіне сырттай бөліміне оқуға түсіп, 2005 жылы осы аталған институтын аяқтаған.

2006 жылы Алматы қаласының ҚМДБ жанындағы Имамдар білімін жетілдіру институтында оқыған.

2006-2009 жылдар аралығында Алакөл ауданының Алакөл аудандық мешітінің найб имамы қызметін атқарған.

2009-2012 жылдар аралығында Үшарал қалалық мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарды.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алакөл ауданы, Алакөл аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқаруда.

2011-2013 жыл аралығында Алматы қаласындағы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің Дінтану факультетін бітірген.

Жақын туыстары: ата-анасы, 2 ағасы, 1 әпкесі бар.