Еркін мешіті
Талдықорған қаласы “Еркін” ауылдық мешіті
-
28 Apr 2015
-
Қараушылар саны: 6743
“Еркін” мешіті: Бұл мешіт Жетісу облысы, Талдықорған қаласы шығыс іргесіндегі Еркін ауылында орналасқан. Жоба авторлары М.Нәрікбаев және “Sanar” ЖШБ. (Астана қаласы).
Мешіт құрылысын “Алматы инжисрой”, ААҚ Талдықорған қаласындағы бөлмешесі жүргізді. Қаражатын “Еркін мешіті” қайырымдылық қоры және халық көтерді. Мешітті белгілі заңгер Мақсұт Нәрікбаевтің демеушілігімен салынған. Мешіт Талдықорған қаласының шығыс жағындағы Б.Сүлеев көшесі № 78-ші болып орналасқан. Мешіт құрылысы 2004 жылдың қаңтар айынан басталып сол жылдың тамыз айында аяқталып, еліміздің бас мүфтиінің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, алғаш рет уағыз айтылып, жұма намазы оқылды. Мешіттің жалпы ауданы 2200 шаршы, оюлы темір қоршаумен қоршалып айналдыра сыртын көгалдандырған және жеміс ағаштары отырғызылып, мешітке әдемі көрік беріп тұрады. Аулада мешітті айналдыра жарық беретін шамдар (прожекторлар) орналастырған, түнде қараған адамды өзіне тартарлықтай ерекше бір әсемдігі бар.
Пайдалы көлемі 240-шаршы метр, ол 2-бөлмеден тұрады. 5-уақыт намаз оқитын зал 150-адамдық, онда “Алматы кілем” фабрикасы тоқыған кілем төселген. Қабырғаларына айналдыра “Тәубе” сүресінің (18,20) аяттары жазылған. Михрабты дөңгеленте Бақа сүресінің 255 аяты, ол ішіне нақышталып “Фатиха” сүресі жазылған, және осы әдемі оюлы нақыштар жанғанда сән беріп тұратын салмағы 750 к.м, диаметрі-6 болатын үлкен алтын түстес люстра ілінген жоғарғы жағына айналдыра “Нашрах” сүресі жазылған. Мешіттің қабырғасының биіктігі 5 метр. Осы үлкен залдың биіктігі 4,35 метр ұлттық ою-өрнекпен безендірілген самырсын ағашынан жасалған минбер орналастырылған.
Мешітте имамның бөлмесі орналасқан: осы заманға лайық жиһаздармен қамтылған, онда жұмыс столы 1-кресло, 4-орындық, 5-Құран кітап, 1-телефон, 1-факс, 1-компютер, және қабырғасында “Қанайұлы Көбей қажы” атындағы мешіттің суреті бар кілем ілінген.
Мешіт қабырғасы: биіктігі 5 метр, мешіттің 2 мұнарасы бар, олар алдыңғы оң және сол жақ бұрышына орналасқан биіктігі 19,950 метр мешіттің кіре беріс маңдайшалары доға іспетті жасалып онда “Фатих” сүресінің бірінші аяты жазылған, ал есігі қазақи оюмен оюланған. Мешіт күйдірілген қызыл кірпішпен салынған 9-терезесі бар, төбесінде аспан түстес биіктігі 11,700 метр диаметрі-7 метр болатын күмбез орнатылған. Күмбез сырты ою -өрнегімен көз тартатындай нақышталған.
Мешіттің сыртында дәретхана орналасқан, дәретханасы ерлерге және әйелдерге арнайы бөлінген көлемі 4*3 метр.
Хадыс Хумар
22.06.1981 Монголия Республикасы Баян олгий аймағында дүниеге келген.
2006 ж. Нұр-Мубарак университетін оқып бітірген.
2006ж.-2007ж. Талдықорған «Нұр» мешітінің ұстаздық қызметін атқарды
2009ж-2011ж Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде Ислам тану факултетін бітірген.
2007ж-2014ж. Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық мешітінде найб имам қызметін атқарды.
2014ж-2017ж. Талдықорған қаласы орталық Иман мешітінде ұстаздық қызметін атқарды.
2018жылдан -осы уақытқа дейін Талдықорған қаласы Еркін ауылдық мешітінде бас имам қызметін
атқарып жатыр.
2019 жылдан бастап Бас имамдықпен қоса Зекет және қайырымдылық қорының Талдықорған өңірі бойынша өкілі.
Үйленген 3 баланың әкесі.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!