https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тіліміз бен жүрегімізден терең орын алған «Лә иләһә иллаллаһ», «Алладан басқа тәңір жоқ» сөзінің ажырамас бөлігі «Мухаммәдур-расулуллаһ» яғни, «Мухаммед Оның Елшісі» сөзі – ислам дінінде негізгі сенімдердің бірі. Тө­менде Оның Алланың адамзатқа жіберген шынайы елшісі екендігін білдіретін нақты дәлелдер келтірілген. Оның шынайы пайғамбарлығының дәлелдерін қамтып жазу ешкімнің қолынан келер іс емес екені анық. Өйткені Оның (с.а.у.) киелі аузынан шыққан әрбір сөзі, әрбір іс-қимылы, қысқасы, өмірінің әрбір сәті – күндей жарқырап ғалам­ға сәуле шашқан нұрлы елшілігіне дәлел.