https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ

16 Feb 2024 0 comment Оқылды: 417 рет

ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан Құран секторы ашылды.

Бұл туралы Бас мүфти Діни басқарманың Аппарат жиналысында хабарлады. Ал сектор меңгерушісі болып елімізге белгілі қари, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік Ахмет тағайындалды.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында халықаралық, республикалық Құран жарыстарын тұрақты өткізіп отырудың маңызын айта келе: «Осыған орай ҚМДБ жанынан Құран секторын ашу туралы шешімге келдім. Аталған сектор Қарилар даярлау орталықтарының жұмысын жандандыруға, Құранды сауатты оқитын имамдар шоғырын қалыптастыруға, Құран жарыстарын сапалы әрі нәтижелі өткізуге жан-жақты үлес қосуы тиіс» деді. Жиналыс барысында Бас мүфти Серік қари Ахметтің жауапкершілігі үлкен жаңа жұмысына береке, сәттілік тіледі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз