https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ

16 Feb 2024 0 comment Оқылды: 43 рет

ҚМДБ жариялаған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданында  «Ислам және дәстүр құндылығы» атты ауқымды шара өтті.

Игі шара ауданның бас имамы Бақыт Тойшыбаевтың алғысөзімен басталды. Бұдан кейін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы меңгерушісі Динара Құтқожақызы құттықтап сөз сөйледі. Алматы облысының жауапты өкілі Назерке Әкішқызы да жамағатқа ыстық ықыласын білдірді.

Сондай-ақ Роза Омарбекова ұстаздың  ұйымдастыруымен жамағат арасында дәстүрімізді дәріптеу барысында сайыс өтті. Астана, Алматы қалаларының, Жамбыл, Жетісу облыстарының ұстаздары сайыстың әділқазы қызметін атқарды. Үш топқа бөлінген жамағаттің бірі жіп иіруді, екінші тобы «құда қоржынды» ашса, үшінші топ бесікке бөлеу мен «тыштырма» салтын көрсетті. Сайыста тұсау кесу мен бата беру де қамтылды. Ал сайыстың жеңімпазы «Асыл мұра» деп  танылып, қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Жамағаттан апаларымыз түс киіз жасап, көне істі жаңартуда екенін істерімен көрсетті. Шара соңында жамағатқа дастархан жайылып, асыл әжелеріміз баталарын берді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз