Ақсу ауданы
Ақсу ауданы
-
30 Apr 2015
-
Қараушылар саны: 11687
Ақсу аудандық мешіті.
Ақсу аудандық мешіті аудан орталығы Жансүгір ауылы, Желтоқсан көшесі №31 ғимаратта орналасқан. Мешіт 2012 жылы 30 қараша жұма күні ашылды. Мешіттің салынуына аудан халқы және «Жансүгір қоғамдық қоры» үлес қосты. Мешіт қайталанбас «Ағып түскен жұлдыз» жобасымен ерекшеленеді. Әсемдігімен көз тартады. Мешіт жобасын сызған Мырзеков Нұрлан, Қыдыров Ержан.
Мешітті салған ТОО «Алтын шеге» құрылыс компаниясы.
Мешіттің жерінің көлемі 1,518 га. Ғимараттың пайдалы алаңы 654,87ш.м. Мешіт 7 бөлмеден тұрады. Олар: үлкен ерлер залы, әйелдер, құран оқитын, имам, сабақ оқитын, дәретхана және от жағатын бөлмелерден тұрады. Мешіт ішіне жайнамаз суреті бар бір тұтас кілем жайылған. Бір мезгілде 500 адам құлшылық жай алады. Мешітте 15 есік, 40 терезе және биіктігі 1,5 метр болатын минбар бар. Мешіт ішінде намаз уақытын көрсететін сағаттар бар. Имам бөлмесі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бөлмеде жұмыс столдары, орындықтар, кампютер, ксерекос, телефон, факс, цифравой фотоапарат және қол жуғыш бар. Мешіт қабырғасы қызыл кірпіштен салынған, сыртын керамогранитпен қапталған. Ғимарат биіктігі 5,910м. Күмбез биіктігі 5,49м, диаметрі 4,100м.
Мешіт ауласы көгалдандырылған, онда гүлдер және шырша, жеміс, қарағаш, терек талдары бар. Мешіт қатты отынмен жылытылады. Мешіт ауласы темір қашамен қоршалған.
Манбетов Анарбай Тасболатұлы 1979 жылы ОҚ облысы, Мақтарал ауданы, Жаңа дала ауылында дүниеге келген. 1986 жылы ауылдық «Октябрь» орта мектебіне барып, 1997 жылы бітірген. 1998-2002 жылдар аралығында Сарағаш медресесін тамамдаған. 2003-2004 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы «Қ.Яссауи» атындағы инситутында ұстаздық еткен. 2004-2006 жылдар аралығында мешіттер жанындағы сауат ашу курсында дәріс берген. 2006 жылдан бастап Ақсу ауданының бас имамы қызметінде. Үйленген, 2 ұл, 3 қызы бар.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!