https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қонақ күту құрметті іс

08 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 684 рет

 

         Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі қонақ күту қонақжайлылық болып табылады. сонымен қатар, бұл дәстүр адамдар арасындағы түсіністік, бір-біріне деген құрметті, ағайындар ара қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын шыңдайтын жақсы қасиет. тіпті адамдардың иманын таразылайтын өлшемдердің бірі деп айтуға да болады. себебі, бұл амалдың өзегінде асыл дініміз исламның арда құндылықтары жатыр. адамдарды нәсіліне, тіліне, дініне, ұлтына, ұлысына бөліп-жармай, ықылас пейіл көрсетіп, өз дастарханынан ас-дәм беру қонақжайлықтың басты белгісі.
       Қонақты құрметтеу – қазаққа таңсық амал емес. қонақжайлықты басқалар қазақтан үйренері болмаса, қазаққа басқалардың үйрете алмасы анық десек артық айтқан болмас. атадан балаға жалғасқан қонақ күту әдебі мен дәстүрлері, салт-жоралғылары құранның құзырынан, сүннеттің сүрлеуінен шыққан емес. қонақ күту туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтел, шайырлар сөзі дініміздің әдептерімен астасып жатады. қонақ келсе жалғыз атын союдан тайынбайтын қазақты алланың досы хазреті ибраһим халилулламен ұштастыруға болады. ибраһим аләйһис-сәләм қонақсыз дастархан басына отыра алмайтын кісі болған екен. кісі келмесе өзі іздеп болса да қонақ күткенді жақсы көріпті. құранда ибраһим пайғамбарға келген екі періште туралы баяндалған аятта: «расында елшілеріміз (періштелеріміз) ибраһимге (а.с) хош хабармен сәлем берді. ибраһим (а.с) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді» адам кейіпінде келген періштелерді танымай жалғыз бұзауын сойып тастап, олардың алдарына тартқандығы айтылған. меймандарының ештеңе жемей отырғанын көріп, секемденгенін сезген періштелер, оған исмаил атты қадірлі пайғамбар болатын ұлмен сүйіншілеуге келген алланың хабаршылары екенін жеткізді. осы аяттан ибраһим пайғамбардың қонақжайлығының қандай дәрежеде болғанын байқауға болады. Пайғамбар ибраһим келген қонағының кім екендігін, неге келгендігін, ас ішерін не ішпесін сұраған жоқ. жалғыз малын құрбан етті, барын меймандардың алдына тосты. бұл да қазақтың діліне жүз пайыз сай мінез емес пе?!

           Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта алла елшісі (с.а.с.): «кімде-кім аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін, жақсылап күтсін», – деген халқымыз қонақты қадірлеумен қатар, қонақжайлылықты ұрпақтан-ұрпаққа сіңіріп, келешек буынға жеткізіп отырған. мәселен, халық даналығында қонақтың құрметін білдіретін «қонақ келсе - құт», «қырықтың бірі – қыдыр», «қонақтың өз ырыс-несібесі, құт-берекесі бар» деген мақалдар арқылы ұрпақ санасына осы бір озық дәстүрімізді насихаттап, сіңіріп келген. Мейман бейтаныс болса да, келген үйдің төріне шығарылып жылы шырай көрсетіліп, арнайы ас-ауқат беріліп, құрмет көрсетілген. қазақта қонақ болудың қатып қалған мерзімі болмайтын. арнайы қонақтар апталап, айлап мейман болатын. ал, құдайы қонаққа қатысты «үш күнге дейін қонақ» дейтін қағида болған. яғни, аса бір асығыстығы болмаса, көбінесе келген кісіні үш күн бойы мейілінше күтіп, оған дейін келген кісінің мақсаты сұралмайтын болған. Халқымыздың сөздік қорында «құдайы қонақ» деген өте жақсы сөз сақталған. яғни, күтпеген жерден қонаққа келген жолаушы кісіні. мұндай қонақтар айырықша күтімделгенді. бұл да болса, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен ынтымақтастығының көрінісі. сайын сахарада көшіп-қонып жүрген еркін халық бірін-бірі танымаса да, міндетпен бас сұғуы мүмкін. үй иесі мұнда хал сұрасып, жағдай айтысып, малын сойып, ет тартып, ағайын-туысын шақырып, әңгіме дүкен құрып, таныстығы мен таным-түйсіктерін алмастырып отырған. 
       Осыншалықты керемет қасиет қазақ халқына дініміз арқылы салт дәстүр болып қалыптасқан. келген қонақтың ұлты мен дінінің қандай екеніне қарамастан қонақжайлыққа сай сый-сипат жасап күтіп алуды алланың өзі ибраһимге үйретіп, біздерге үлгі еткен. бір күні ибраһим пайғамбардың есігіне бір мүшрік (отқа табынушы) қарт кісі келіп, қонып-түстеніп кетуге рұқсат сұрады. ибраһим пайғамбар болса: «сен отқа табынатын адамсың, сені қалай үйіме кіргіземін, жалған дініңнен бас тартпайынша  табалдырығымнан аттатпаймын» деп қайтарып жіберді. содан кейін алладан ибраһим пайғамбарға аян келді: «әй ибраһим! құдайы қонақ болып келген кәрі кісіні иман келтірмегені үшін үйіңе кіргізбедің бе? бір түнетіп, қонақ етсең, ол саған зиян келтірмес еді. ал біз болсақ оның күпірлігіне қарамастан оған жетпіс жыл ризық беріп келеміз» - деді. әлемдердің әміршісі алланың өзінен естіген бұл ескертуінен кейін қалай қателескенін білген ибраһим пайғамбар таң атар атпастан жолға шығып, шарқ ұрып іздеп жүріп, сол шалды тауып алады. оны ізінен қалмай, жалына жүріп, үйіне қонаққа шақырады. сонда ол: «саған не болды ибраһим! кеше мені өзің қуып шығып, бүгін қонақ бол деп жалынасың, аяқастынан бұлай өзгеруіңнің сыры неде?»- деп сұрады. ибраһим халилуллаһ болған жайтты айтып бергенде, қария: «менің күпірлігіме қарамастан раббым маған мейірімді екен» деп, көзіне жас алып, ибраһимге қолын созып тұрып: «мен, бір алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңірдің жоқ екендігіне және сенің алланың елшісі әрі құлы екеніңе куәлік етемін» деп иманға келген екен. Егерде бір үйге қонақ келсе ол өз несібесімен келеді қашан разы болған түрде қайтса үй йелерінің күнәләрі кешіріледі деген. Құтты қонақ келсе қой егіз табады демекші келген қонақтарыныз үйлеріңізге құт дарылтып шаңырақтарыныздан сыйлы қонақ үзілмесін.

 

Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Данагулов Алмас

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз