https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ФИЖАР СОҒЫСЫ

31 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 647 рет

      

 Пайғамбардың (с.а.с.) жасы жиырмаға жеткенде Құрайыш және Кинана тайпалары мен Қайыс Илан тайпалары арасында соғыс басталады. Осы соғысқа көкелерімен бірге жас Пайғамбар (с.а.с.) да қатысады. Ол ағайындарына садақ жебелерін дайындап беріп тұрады. Ақырында бұл соғыс жауласушы тараптардың ортақ бітімге келуімен аяқталады. Араб тайпаларының дәстүрі бойынша соғыс-жанжалдарға тыйым салынған айлардың бірінде орын алғандықтан бұл соғыс Фижар – бұзушы соғыс деп аталып кетеді.  ФУДУЛ КЕЛІСІМІ        Фижар соғысынан кейін құрайыш тайпасының көсемдері Абдулла ибн Жудған әт-Тимидің үйіне бас қосып, бұдан кейін қиянатқа тап болғандарға көмек беруге бірауыздан келіседі. Жас жігіт болашақ – Пайғамбар (с.а.с.) осы келісімге куә болады. Өзіне пайғамбарлық келгеннен кейін: «Ислам дәуірінде сондай келісімге шақырылсам, сөзсіз келісімімді берер едім», – деген. Өйткені ол адамгершілікке үндейтін келісім болған еді. 

Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=584

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз