https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Кусуф намазы

08 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 1257 рет

 

Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын – «хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды жария оқиды. Пайғамбарымыз (ﷺ) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Алланың ұлылығын паш еткен дәлелдер. Алла осындай құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді намаз оқыңдар»[1].

Ай мен күнге байланысты Алла Тағала былай дейді: «Түн мен күндіз және күн мен ай – Алланың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық қылатын болсаңдар соларды жаратқан Аллаға сәжде етіңдер[2].

Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде де оқуға болады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» дейді.

[1] Бухари, Кусуф, 1, 17.

[2] Фуссилат, 41/37.

ҚМДБ сайтынан алынды.Текелі қаласы «Керімбек би» мешіті

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз