https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ОРАЗАДА ҰМЫТЫП ТАМАҚ ЖЕП, СУСЫН ІШКЕН АДАМНЫҢ ҮКІМІ

02 May 2021 0 comment Оқылды: 398 рет

Рамазан айындағы парыз оразасы болсын, сүннет не нәпіл оразасы болсын қандайда бір ораза ұстаған кісі ұмытып ішіп не жеп қойса оразасы бұзылмайды. Ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):   مَنْ نَسِيَ وَهُوَ صَائِمٌ، فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ، فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللَّهُ وَسَقَاهُ   «Ауызы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла»[1] – деген.   Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, Рамазан айынан соң сол күннің қазасын ұстап береді. [1] Бұхари

Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=983

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз