https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Кәріз суларын тазалағаннан кейін қайта қолданудың үкімі

07 Feb 2019 0 comment Оқылды: 1028 рет

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!  Қазіргі таңда нәжіс немесе күмәнді сулар химиялық өңдеумен   тазаланып, тұрмыста қайта пайдаланылады. Судағы нәжіс заманауи техника және технология көмегімен залалсыздандырылады. Осы амалдардан соң судың дәмінде, түсінде және иісінде нәжістен ешқандай әсер қалмайды.Сондықтан, кәріз сулары аталмыш әдіспен және басқа осындай жолдармен тазаланса, сондай-ақ дәмінде, түсінде, иісінде нәжістің әсері қалмаса, ол су таза деп есептелінеді. Оған мына қағида дәлел: أَنَّ الحُكم يدُور معَ عِلته وجُوداً وَعَدَماً، إذَا وُجِدت العِلة وُجد الحُكم، وإن انتفت العلة انتفى الحكمُ «Үкім илләтының (себебінің) бар болу және жоқ болуына қарай қолданылады. Егер иллат (себеп) табылса, үкім жүреді, иллат (себеп) болмаса, үкім тоқтайды».

ҮКІМ: Кәріз сулары заманауи өңдеу тәсілдерімен тазаланып, дәмінде, түсінде және иісінде нәжістің әсері қалмаса, ол су таза деп есептелінеді. Аталмыш сумен дәрет алуға, нәжісті кетіріп тазалауға болады

 http://fatua.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз