Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын): «Кімде кім рамазан айының оразасынан соң шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп, бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген[1]. Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі»[2] деген аятпен байланыстырады. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз. Рамазан айы оразасының қазасы да, шәууәл айының 6 күн оразасы да бір ниетпен емес, әрбірі жеке-жеке өтелуі керек. Себебі, оразаның әр күні өз алдына бір ғибадат. Сондықтан, әр күні үшін жеке ниет етілуі тиіс. Имам Әбу Юсуфтың тұжырымы бойынша, қаза мен нәпіл оразаны бір ниетпен ұстаған адамның қаза оразасы ғана есептеледі. Имам Мұхаммед бұл тәрізде ұсталған ораза нәпіл саналады деп пәтуа айтқан[3]. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер шәууәл айында әуелі рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Ал нәпіл оразаны түске дейін ниет етуге болады. Ал рамазанның оразасы қаза болғандықтан, оны түннен бастап ниет ету шарт. [1] Муслим риуаят еткен. [2] «Әнғам» сүресі, 160-аят. [3] «Әл-фәтауа ат-тархания», 2/99.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:47
Күн
04:22
Бесін
11:46
Екінті
16:52
Шам
19:04
Құптан
20:40
9
мамыр 2025
жұма
11 Зул-Қағда 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!