https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ОСМАН ХАЛИФАТЫНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ КЕМЕНГЕР ТҰЛҒА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ МҰХАММЕД ИХСАН ОҒЫЗ

27 Dec 2023 0 comment Оқылды: 123 рет

Үлкен ғалым және ойшыл болған Мұхаммед Ихсан Оғыз Рамазан айының 27-сі, һижри 1304 жылы (19 маусым 1887 жыл) Кастамонуда дүниеге келген. Әкесінің аты – Атауллаһ, анасының аты – Хажар. Атасы Қажы Хафиз Ахмед және үлкен атасы Қажы Мехмед Кастамонуда «Кішкентай Хаттат» және «Үлкен Хаттат» деп танылған. Сол себепті отбасыларына «Хататзадалар» деген. 

Кастамонудағы Девежи Султан және Йарабжы Хожа ауданындағы мектептеріндегі сауат ашуынан кейін лицейдің бастауыш мектебін және орта мектепке дайындық бөлімін бітірген. Орта мектепті мемлекеттің маңызды мекемелері саналған Кастамону Әскери училищесінде оқыған. Лицей деңгейінде білім беретін бұл бес жылдық әскери училищелесі сол дәуірдің ең маңызды және жүйелі мектептерінен саналған. Жоғары мектепті Кастамонудағы Зияийя медресесінде жалғастырған. Оқытушы болған жездесі, қадірлі ғалым Ахмед Зияуддин мырзадан да жеке дәріс алған.

Пошта телеграф мекемесіне кіріп, мемлекеттік қызметкер болған. Мұнда қызметті әскери қызметкер ретінде бастап, түрлі бөлімшелерде жұмыс істеп, бас дирекордың жауапты есепшісі, бас директордың орынбасары және сол уақыттарда алты ауданды қамтыған және басқарған орталығы Кастамону болған бас директорлық қызметін де сәтті атқарған. Бұл қызметтерімен қоса Кастамону Мактаб-и Султаниси лицейінің хатшылығы мен Әскери училищеде түрік тілі оқытушысы болып та қызмет қылған. Тәуелсіздік (Истикләл) соғысында да хабар алмасуға қатысты маңызды қызметтер алған, отыз үш жылдық мемлекеттік қызметінен кейін 1 қаңтар 1938 жылы зейнетке шыққан. 

Мұхаммед Ихсан Оғыз мырза өзінің еңбектері мен сұхбаттарында «Кәміл иман, пайдалы ілім, жақсы амал, көркем мінез және берік ықыластың» Ислам дінінің негіздері болғандығын және бұл жолда бұларсыз жүре алмайтындығын, Алланың жақындығына, мағрифаты мен разылығына тек осылар арқылы ғана қол жеткізе алатындығын тілге тиек еткен. Құран аяттарына және Пайғамбарымыздың хадистеріне негіздеген бұл түсінігін «Аллаға хас құл, Пайғамбарға хас үмбет» сөйлемімен түйіндеген. 

Мұхаммед Ихсан Оғыздың еңбектері негізінен көне Осман тілінде арабша жазылған бертін келе көбі жаңа әріптерге (латын) түсіріліп жарияланған. Бұл қызметтерді де қайтыс болмастан бұрын рұқсаты алынып құрылған Мұхаммед Ихсан Оғыз қоры атқаруда. 

Мұхаммед Ихсан Оғыздың шығармалары:

Ғалымның діни ұстанымы Ханафи мазхабы мен сенімдік көзқарасы имам Матуридидің ақидалық мектебіне негізделген. Артына қалтырған есепсіз мұралары да осы діни ұстаным аясында жазылған. 

Бүгінге дейін жарық көрген еңбектері

1. Мифтаху’с-Са’ад

2. Китабу’л-Хаза ве’л-хадер («Тағдыр кітабы» атауымен қазақша жарық көрді)

3. Байнулхақуәлхақиқа..

4. Фусуль-и Себъа

5. Дүниежәнеақыретөмірі

6. Ислам сопылығындағыВахдет-и Вүжуд

7. шәрхүлӘсмаүл-нүснә

8. Нұрул-Изәһ

9. ЕкіГавс-и ЭнамШейһ ‘Әлийю’с-Себти эс-Сейид Ахмед әл-Курди

10. Махамат-ы һәдә ‘Абдүлхәлиһәл-Гукдувани

11. Әл-асиляуәлуәжиба

12. Нутулжәлил-и мұхамадия

13. Нутулжәлил-и ахмадия

14. Нутулжәлил-и сыддықәкбар

15. Мир'ат-и Имам Раббани

16. әл-Хизбу’л-А’ам

17. Весаилүс-Саадат

18. Хизбу’л-Мунажат

19. Фарздыңелутөртаудармасы

20. МұхтасарКитабуль-Хаза ве'л-Хадер

21. Жұмакүні мен түніншапағатету

22. Раджаб-и Шериф пен Лейле-и РегаибФезайли.

23. Ша'бан-ы Шериф пен Лейле-и БераттыңФезайлы

24. Рамажан-ы Шериф пен Лейле-и ХадрдыңФезаили

25. ТафсирХадрсүресініңаудармасыжәнетүсіндірмесі

26. Рисале-и хуқуқВалидейн

27. Рисале-и Недәту’л-Мутеһайириин

28. Шейх Ша’бан Вели-и Халвети

29. ПирисәнитарихШа‘баниШейһиМуштафа-йыЧеркеши

30. Юнус ЭмреніңТерджеме-и Хали

31. Шуһур-и Селәсмерекесінеорайорынжәнеескеалу

32. ХакҺурбанҚа‘бетулла

33. Мужахедат-ы Динийе

34. Исм-и зат, Калима-и НефижәнеИс̱батхақтуралымақала

Тевхидтің 35-ші дәрежесінде

36. Фатиха сүресініңЖеті аят болыпаудармасы

37. Шемаил-и Шерифе-и Мұхаммедийекезінде

38. Хақайқ сыфатжәлилилаһиМұхамадия

39. әл-Февзу'л-Кебиру'л-Ебеди фи Бейан-ы Усуль, 'АхәидАхкамжәнеМесаил-и Дин-и Целил-и Ахмеди

40. Мазхабсалаф

41. Исламныңашықдіні

42. Китабу-з зикр

43. Китабу’т-Тәуһид

44. әл-Бурхан уәлиқан-ы бәянирадәжүзияинсан

45. Бес сұрақ – бес жауап

46. ​​ҰлыДін-и Ислам

47. Сыфатуллаһ

48. Силсиләтүларифинтәзкирату-с сыдқин

49. Шерһ-и Хадис-и ҺикиржәнеСилсила

50. Уәсилтүлнәжатмуфассалғылымхал

51. Мулахассалафиямектебі

52. Меселле-и Худсийе

53. МұхаммедИхсанОғыздыңхаттары

54. Вахдет-и Вүкудтың бар болуындағымаңыздығылымипікірталас.

Мұхаммед Ихсан Оғыздың жоғарыдағы жарық көрген еңбектерінен бөлек әлі басылмаған әрі латын тіліне түсірілмеген шығармалары көп. Бұл іргелі еңбектердің зерттеліп қоғам қажеттілігіне ұсынылуы үшін бүгінде Кастамону мемлекеттікУниверситетінің Теология факультетінде құрылған және 12 шілде, 2018 жылғы «Ресми» газетінде нұсқауы жарияланған «Мұхаммед Ихсан Оғыз зерттеу орталығы» Мұхаммед Ихсан Оғыздыңтұлғалығын танытуда және жазған құнды еңбектерін ғылыми жұмыстарында қолдануда, сондай-ақ бұл бағытта зерттеу жұмыстарын жасағысы келетіндерге мүмкіндіктер жасауда.  

Мұхаммед Ихсан Оғыз зерттеу орталығы мен Мұхаммед Ихсан Оғыз қоры ортақтаса теология саласындағы ғылыми жұмыстарды ынталандыру мақсатында алғаш 2019 жылы «Мұхаммед Ихсан Оғыз теологиялық зерттеу марапаттары» атты магистратура және докторантура диссертациялық жұмыстары бәйгесін өткізді, бүгінде бұл сайын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Бір ғасырдан асқан өмірін «Аллаға хас құл және Пайғамбарға хас үмбет» болуға, осы ақиқатты ту етіп, ұстануға арнаған Мұхаммед Ихсан Оғыз мырза 2 тамыз 1991 жылы (21 Мухаррам 1412) жұмадан сенбіге қараған түні сағат 2:15-те мәңгілік өмірге аяқ басты, сағынышпен күткен Аллаға және Оның Елшісіне аттанды. Алла оны шексіз рахметіне бөлесін...

 

Тимур Нүсіпханұлы
Нұр-мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз