https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Салт-дəстүр мен Ислам дінінің сабақтастығы

16 Oct 2021 0 comment Оқылды: 431 рет

Ұлттық құндылық - белгілі бір ұлтқа тән, сол ұлттың даму, қалыптасу

тарихында ғасырлар бойы мәнін жоймаған рухани және материалдық қасиеттер

мен қажеттіліктер жиынтығы. Егер ұлт құндылығы болмаса, онда ұлт та жоғалады.

Біздің қазақ болып жүргеніміздің өзі де ұлттық құндылығымыздың болуында.

Қазақ мәдениетінің ұлттық құндылығының негізі - діни сана. Ол Исламнан бастау

алады. Ұлттың мәдениетіне үңіліп қарасақ, бұған көзіміз жетері анық. Осы

мәдениеттің көрсеткіші халықтың дүниетанымы, тарихы мен өнері, ахлағы мен

әдет- ғұрыптары, жазуы мен әдебиеті, жыр-дастандары мен тұрмысы болып

жалғаса береді. Бұлар діни санамен үйлесім тапқанда ғана ұлттық мәдениеттің

болмысы мен табиғаты, оның мән-мағынасы ашылады. Бір сөзбен айтқанда діни

сана өзін қоршап тұрған мәдени құндылықтарды сақтап тұратын қазына іспеттес.

Діни таным көп, діни таным тарихында Ханафи, Матуруди, Яссауи мектебін, фиқһ,

кәләм, ахлақ (мінез-құлық) салаларының қалыптасуын айтуға болады. Діни

сананың осы бір саласына ұлттық құндылығымызды, мәдениетімізді де жатқызуға

болады. Туғаннан бастап өлім сәті келгенге дейінгі қазақтың мағыналы әдет-

ғұрыптарын ашып айта кетсек: Қазақ халқының өзге мұсылман халықтарынан

еркешелеп тұратын басты ерекшеліктерінің бірі - жеті атаға дейін үйленуге тыйым

салуы. Бұл қатаң түрде сақталған әдеттердің бірі Исламнан бастау алады.

Пайғамбар صلى الله عليه وسلم өз хадистерінде жақындары мен туыстық байланысы барлардың

қосылуларынан сақтандырған. Өйткені, туыстық байланысы бар жұбайлардан

туылған бала әлжуаз, денсаулығы нашар болып туады. Пайғамбар صلى الله عليه وسلم былай дейді:

«Алыстан алыңдар, (ұрпақтарыңды) әлсіретпеңдер».

«Қыз бала дауысын қатты шығарып күлмейді», «түнде шашын жаймайды»,

«қонақ алдында талтайып отырмайды»,- деген қазақ қыз баласына төрден орын

берген. Әрбір қызды өзінің қарындасындай көріп, тіпті олар үшін соғысуға дайын

болған. Қыздарымыз бастарынан орамалын тастамай, бөтен ер кісілермен

сөйлесуді ар санаған. Исламда да қыз баласын құдды бір жауһарға теңеп, оның

зейнетін бөтен ер кісілерге көруге тыйым салады. Ер кісілермен сөйлеспек түгілі,

олармен бір отырыста отырмауды жөн санайды.

Қалжа беру - бала туылғаннан кейін, қой сойып қонақ шақыру. Әйел

босанғаннан кейін, қырық күн бойы үйде отырып сойылған қойдың етін жеп,

сорпасын ішіп, біраз денсаулығын күтеді. Қазақтың бұл ғұрпынан көзделген мақсат

- әйелдің босанғаннан кейінгі әлсіз денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.

Ал, бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр.

Ол баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуына әсер етеді. Жапонның әйгілі

медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана

отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын,

ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық

дүниеге бірден үйренісе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының

даналығы, осы процестерді өзінің өміріне пайдаланып, бала жарық дүниеге

бейімделгенше, бесікке бөлеп, тербетіп отырған. Сонымен қатар, бесікке үкі

тағатын болған. Ондағы мақсат, үкінің иісінен тышқан секілді кеміргіштер

қашатын болғандықтан және балаға зиян келмеуі үшін. Кейбір радикалды

ағымдардың айтуынша, бұл бір ширк яғни құдайға серік қосу мыс. Әдетте қазақ бір

нәрсені жасаса біліп, төркініне жетіп орындаған. Ал, Исламда ниеті серік қосу

болмаса ем түрінің кез келгенін жасауға рұқсат.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Асық ойнау:

баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді,

денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын

жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке

баулиды.

«Көрші ақысы- тәңір ақысы» деп көршісін ерекше сыйлай білген қазақ, тіпті

жаңа көшіп келген көршілерін үйлеріне шақырып, ерулік берген. Ал Алла елшісі

صلى الله عليه وسلم: «Кімде- кім Аллаға және ақірет күніне сенген болса, көршісіне еш зиян

тигізбесін», және « Жанындағы көршісінің аш жатқанын біле тұра өзі тоқ болып

жатқан адам маған нақ иман келтірген емес»,- деген.

Жалпы, қазір ұлттық құндылығымыз, салт-дәстүріміз сақтаулы ма? Кеңес

кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды, дінімізді, ділімізді «ескінің қалдығы»

деген сылтаумен көзін құртпақ болды. Сөйтіп, ұлттың өзін жоюға тырысты.

Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына

келтіруге ниеттенуде. Қазіргі материялдық құндылықтар заманында ұлттық

құндылықтар көп ескерілмей қалып жатыр. Қыздарымыздың ашық-шашық киінуі,

еңбекпен емес, оңай жолмен ақша табу үшін түрлі жолдарға баруы, қаракөздеріміз

үшін жауға қарсы тұрып, қорғау үшін өмірін тәрк еткен батырларымыздың сарын

үні ұмытылғанын көрсететіндей. «Еуропаның субмәдениетін әкелеміз», «Біз

Қазақстанның атын шығарамыз»,- деп, шашын бояп, қасын жұлған әнші

топтардың, әрине, болашақ ұрпақтарымызға берер зияны көп.

Қазақ әйелдеріне келер болсақ, олардың ер адамға кірпігін көтеріп тура

қарамауы, отағасының, қайын ағаларының, өзге еркек туыстарының есімдерін

атамау құрметтілігі, сияқты, мәдени ерекшеліктерін тіпті кейбір зерттеушілердің

өздері қызыға зерттеген. Зерттеушілерді қызықтырарлық осындай салт-дәстүр,

мәдениетіміз барда оларды неге сақтап қалмасқа?! Керісінше, қазақ қанына мүлдем

жат болған қазақ қыздарының жігітпен бірге көшеде тұруы, тіпті, олармен емін-

еркін қарым-қатынас жасауы шет елдің үйреншікті мәдениетінің бізге келуі болып

табылады. Ал, бұл сырттағы жаудың халықты іштен шірітуі емес пе?!

Дамуымыз керек, әрине, бірақ ол сонау ескіден келе жатқан қазақ мәдениетін

жою деген сөз емес. Жаhандану болмысы мәнді, мәнсіз нәрселерді қамти отырып, әлемдегі барлық адамзатты жан-жақты қоршап алған. Мысал келтірер болсақ,

дайын тағамдар мен ішімдіктер, жастардың санасын жаулайтын “Валентина күні”

сияқты идеологиялар, жақсы-жаман фильмдер, бағдарламалар мен өнердің түрлі

салалары, алуан түрлі көңіл көтеру құралдары.

Қазіргі таңда ел тұтастығының, дін мен дәстүр бірлігінің бұзылуына, ұлттық

құндылықтарымыздың аяқ-асты қалуына Қазақстандағы дәстүрлі емес діни

ағымдардың және секталардың көбеюі мен оның қатарына көптеген жастар мен

жалпы халықтың тартылуы да себеп болып отыр. Радикалды ағымдардың бұл

әрекеттері халықпен бірге өмір сүріп келген, тұрмысына, салтына сіңіп, дінді қол

жетпес күрделі дүниеге ұқсату. Қазақ салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарын

терістеп, қазақты исламға жаңа кірген ел секілді көрсету. Сонау ғасырлар бойы

келе жатқан салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, оны орындаған адамды “құдайға

серік қосушы”,- деп, тіпті сол үшін ата-ана, туыстарын да көрмей кетіп жатады...

«Қазақ халқының діннен кейінгі күшті құралы - салты мен дәстүрі» - дейді

Әлихан Бөкейхан. Рас, арысы Түркеш қағанаты мен берісі Қарахан мемлекеті

дәуірінен бастап біздің тұрмыс-тіршілігіміз, дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрыптарымыз,

сөйлеу ерекшелігіміз - барлығы дерлік шариғат шеңберінде қалыптаса бастады.

Есім мен Қасым, Тәуке хандарымыз жасаған «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар

жинағы да Құран мен хадиске сүйенді.

Қорыта келгенде, Ислам діні - ғасырлар бойы қалыптасқан салт-

дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың қайнар көзі. Ендеше, дінімізбен

сабақтасқан дәстүрлерімізді мығым ұстай алсақ бағытымыз оңалып, бірлігіміз

бүтінделер. Бірлігіміз бүтін болса, еліміз еңселеніп, келешегіміз кемелдене бермек!

 

 

ҚМДБ-ның Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің

Бас имамы Жансерік Өмірсерікұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз