{gallery}13092015{/gallery}Алматы облысы, «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу аудандық филиалы ғимаратында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Бақытты отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық мешіттің бас имамы Манбетов Анарбай Тасболат ұлы, аудан халқы үлгі тұтатын отбасылар және жас отбасылар қатысты. «Отан отбасынан басталады, деген бабаларымыз. Отбасында береке - бірлік, мейрімділік болмаса елімізде тыныш өмір сүреміз деп айту қиын. Отбасыны ұстап тұратын махаббат емес, мейрімділікпен сүйіспеншілік. Бүгінгі күні үйленген отбасылардың 3/1 ажырасып жатыр. Қайта табысқандардың саны өте аз. Демек, отбасы күні отбасылық жарыстар, дөңгелек үстелдер ғана емес, осындай жастардың жарасым тауып кетуіне арналған шаралар ұйымдастырылса Қысқасы, бұл Қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні ғана емес, ажырасқандарды қайта табыстырар жарасым мерекесі болса екен. Әрбір пенде ажырасу амалы Шайтанның ең сүйікті ісі екенін білуі тиіс» - деді, аудан Имамы.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.