{gallery}08092015{/gallery} Бүгінгі күні діни ахуалдың өршіп тұрғаны жасырын емес. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысына бей жай қарауға болмайды. Осыған орай Алматы облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі «дін саласындағы мәселерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Панфилов ауданында «Дін-тәрбие діңгегі» атты кеңейтілген дөңгелек үстел өткізді.
Аудан әкімшілігінде өткен бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Облыстық Иман мешітінің наиб имамы Ардақ Нүсіпханұлы, Әл-фараби атындағы университеттің оқутушысы доктор Бейсенов Бағдат Қабылтайұлы, аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы, аудан имамы Құндызбек Медетбеков, және де қадірменді ақсақалдар, мешіт имамдары, ұстаздар, жастар қаттысты.
Дөңгелек үстелді облыс әкімінің орынбасары Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы жүргізді. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қасымберкебев Тәңірберген Қасымақынұлы өңірдегі діни ахуалдың тыныс тіршілігіне кеңінен тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы өз баяндамасында бүгінгі таңда қоғам арасында талас тудырып отырған мәселелер жайлы, кері ағымдардың кесірінен жастарды сақтандыру жолдарын тілге тиек етсе, бала тәрбиесі жайлы облыстық Иман мешітінің наиб имамы Ардақ Нүсіпханұлы баянды баяндама жасады. Сондай-ақ заман талабына сай жат ағымдардан сақтану мақсатында әлеуметтік желілермен сайттардан сақтанудың жолдары турасында да мағұлматтар айтылды. Іс шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаты, қоғамға кері әсері жайлы айтылып кеңінен түсіндірілді.
Қазақ халқы ертедеден ақ бірліктің ынтымақтың маңызды екенін жете түсінген. Бақ қайда барасын ынтымағы жарасқан елге барамын демекші жарасты тірлігімізге, ынтымақ бірлігімізге бекем болайық. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін елімізде ұлтаралық дінаралық татулықтың сақталуы маңызды. Қазақ халқының 550 жылдық мерекесіне орай, «Шаңырақ –мәңгілік елдің бастауы»атты акция аясында осындай тәрбиеләк мәні бар 550 іс шара өткізілмекші деді,- дөңгелек үстелге қатысушылар.
Панфилов аудандық
орталық мешіті.