{gallery}060920015{/gallery}Республикалық ақпараттық насихаттық тобы облыс мешіттерінде насихаттық жұмысын жалғастыруда. Жуырда топтың мүшесі Бауыржан Әлиұлы Талдықорған өңірінде әсерлі уағыздарымен жамағатты қанықтырып кетті.
Бейсенбі кунгі шам намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан қажы діни басқармадан келген ғалым Бауыржан Әлиұлын таныстырды. Бауыржан Әлиұлы фиқһ және шариат мәселелеріне тоқтала кете, дәріс түріндегі уағызында жамағатты ынтымақ пен бірліктің маңыздылығына айта, Құран сүрелерімен аяттарын тәпсірлеп берді.
Ертесіне, яғни қасиетті жұма күніндегі жұма намаз алдындағы уағызында Пайғамбарымыздың соңғы құтпасы туралы өсиетін жүргізді. Пайғамбардың соңғы құтпасындағы мұсылман жамағатына керекті өзекті мәселелерге кеңінен тоқтала кетті.
Жұмадан соң насихаттық топ жұмысты Талдықорған қаласында білім ордаларының бірі Агротехникалық колледжде білімгерлермен кездесумен жалғастырды. Кездесу барысында Бауыржан Әлиұлы және Серікхан Ахмадиев білім алу, ғылыммен айналысу, түрлі керағар діни топтардың зардабы мен зияны және түрлі діни мәселелермен тоқталып, қаныққанды жауаптар берді.
Талдықорған өңірлік мешіттің баспасөз қызметі