{gallery}06092015{/gallery} Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының 2015 жылғы белгілеген жоспарының тағы да бір нәтижесін іске асыра отырып, 7 имам Талдықорған өңірі бойынша, Ескелді ауданына қарасты ауылдарда болып қайтты. Атап айтсақ; Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің найб имамдары Усманов Нұрлан Ескелді ауданына қарасты Көкжазық ауылына, Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлы Қаратал ауылына табан тіресе, Байғара Құрметхан Бақтыбай ауылына ат басын бұрды.
Сонымен қатар, орталық «Иман» мешітінің ұстазы Ордабай Мұхаммед Жетісу ауылына, Жетісу мешітінің бас имамы Мүтебаев Қанат Ескелді аудандық мешітіне, қалаға қарасты Еркін ауылының бас имамы Медетбеков Аман, Шұбар ауылына, және Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Алпысбаев Жансерік Шымыр ауылында уағыз-насихаттарын жүргізіп, ауыл емханаларының дәрігерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, және жұма намазына келген мешіт жамағаттармен кездесті.
Кездесу барысы қызықты да тартысты өтті. Жиынға қатысушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды. Осындай кездесулердің өңірде жиі болуының түпкі мақсаты, әрбір жас ұрпақ бақытты ғұмыр кешуге құқылы. Соның үшін, сапарлас болған имамдар мен ұстаздар, келешек жастарды теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде кетіп қалмауын насихаттауға аянбай еңбек етуде белсенділік танытып келеді.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі