{gallery}01092015{/gallery}Жетісу жамағаты бүгін Алматы облысының орталығы, Талдықорғанның төрінде орналасқан «Иман» мешітінде бас қосты. Жиынның негізгі мақсаты, қажылықтың – ұлы құлшылық екендігін, оның шарттары мен атқарылу жолдарын түбегейлі түсіндіру болды.
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жиылған жұртқа, қажылық қылу Жаратқанның шақыруымен болатын үлкен нығмет, шамасы келгендерге міндет екендігін жеткізіп, насихат жасады.
Нәтижесінде, семинарға қатысушылардың арасынан алты адам Ұлы -сапарға аттануға шешім шығарғандықтарын баян етті.
Елімізде жылдан-жылға қажылық парызын атқаруға ниет білдірушілер саны артып келеді. Бұлда болса халқымыздың дін Исламға деген ынта-ықыластарының бір көрінісі десек артық айтпаған болармыз.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
taglym.kz