{gallery}28072015{/gallery}Ақсу аудандық орталық мешітінің ұйымдастырумен «Қайрымдылық қадірлі іс» - атты қайрымдылық шарасы өткізілді. Тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 12 отбасыға (бір қап ұн, 5 литр сұйық май, 2 кг макорон, 3 кг қарақұмық, 3 кг күріш) көмек жасалса, демеушілердің көмегімен бір жылқы мешіт алдында сойылып 35 отбасыға бөліп берілді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мейрімділіктен қол үзген бүкіл жақсылықтан қол үзген болады»,- деген. Алла разылығы үшін мейрімділік танытып, бір адамға болса да қуаныш сыйлай алу, қатып қалған жүректерді жібітетін амал екенін естен шығармайық ағайын. Жаратушы Алла екі дүние бақытын насіп етсін баршамызға.
Ақсу аудандық орталық мешіт баспасөз қызметі.