{gallery}23072015{/gallery}Көптен күттірген Рамазан айыда өтті. Шілденің қатты ыстығына сабыр етіп, ұстаған барша мұсылмандардын оразасы қабыл болсын!
Жататушы Иеміз оразаның қуанышын екі дүниеде көруді нәсіп еткей! Ислам дінінде жылына бір келетін екі айт мейрамы бар. Олар - Ораза айты мен Құрбан айты. Алла тағала Құран кәрімде мұсылмандарға ораза ұстауды бес парыздың бірі еткен. Айтылған мерекелердің біріншісі 30 күн ораза аяқталғаннан кейін үш күн тойланады. Аталмыш мерекелерді өткізу Керімағаш ауылында дәстүрге айналған. Ауыл тұрындары таң атысымен әдеттегіндей айт намазын оқуға «Сүлеймен» мешітіне жиналды. Намаз бітісімен жамағаттар бір-бірін айт мерекесімен құтықтап,дәстүр бойынша көршілерді,ағайын-туыстарын зиярат етті.
Сүлеймен мешітінің айт мерекесін ұйымдастыру жоспарына сәйкес Керімағаш шипажайы кафесінде білім алушы шәкіртердің «Айт құтты болсын!» атты концерттік бағдарламасымен ауыл халқына және шипажайға келген демалушыларға мерекелік тарту жасады.
Концерттік бағдарламда Ұлдар арасында Азан жарысы,Қыздар арасында Құран,хадис,дұға жарысы болды.Мерекелік шара Ауыл имамы Дәулет Жеңісұлының айт мерекесіне арналған құттықтау сөзімен басталды. Азан шақыру жарысына қатысқан балалар ақшалай жүлдемен марапаталды.
Қыздар Раян, Тасним,Фердауыс тобы болып, құранды жатқа және мағынасын айтудан,хадис,күнделікті дұғаларды да жатқа айтудан жарысқа түсті. Фердауыс тобы біліктіліктерімен көрермен ықыласына ие болды. Жарысқа қатысушы топ мүшелерін Сүлеймен мешітінің имамы арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. хадисінде; Кімде-кім тарауық намазын оқыса, өткен күналары кешіріледі деген. Рамазан айында Сүлеймен мешітіне ейкейген қариядан еңбектеген балаға дейін тарауық намазына келді.86-жасқа келіп,екі көздің жанарынан айырылсада Мұқан ақсақал тарауық намазынан қалмады. Көпшілік алдында Мешіт атынан Мұқан ақсақалға үлкен кілем сыйға тартылды. Сауат ашу курсына келіп,білім алған шәкіртерге ұялы телефондар мен Шипажайдағы бассейнге рұқсатнама қағазы берілді.
Ораза айт мерекесіне арналған көңілді кешке жиналған көрермен ризашылығын білдірсе, ауыл ақсақалдары атынан Мұқан ақсақал имандылық пен инабатылықты бойына сіңіріп өсіп келе жатқан ұл-қыздарға жақсылық тілеп, аталық ақ батасын берді.
Мерекелік шараны өткізуге қолдау көрсеткен Керімағаш шипажайына алғыс білдіреміз.
Керімағаш ауылы «Сүлеймен» мешітінің баспасөз қызметі.