{gallery}190720151{/gallery}
ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет «Спорт денсаулық кепілі» демекші, спортқа деген қызығушылығы асқақ, әрі спортты өте жоғары деңгейде қадірлейтін тұлға. Спорт-демекші, өткен жылы, биылғы жылда да, ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қазақша күрестен 2 жыл қатарынан жарыстар ұйымдастырылған болатын. Сол ұйымдастырылған дүбірлі додада жүлдегерлер анықталып, қажылыққа жолдамаларын алып жатқан жайы, тағы бар.
Аталмыш шараны халыққа насихаттай отырып, «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей» демекші, спорт сүйер қауымға Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен, орталық «Иман» мешітінің алаңында спорт түрлерінен: 1. Қазақша күрес, 2. Қол күрес, 3. Арқан тартыстан имамдар, жамағаттар арасында жарыс өтті. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған жарыс, әрі қызық, әрі тартысты өтті. Жарыс соңынан жүлдегерлер анықталып, жеңімпаздар қой, және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі