{gallery}180772015{/gallery} Жыл сайын балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану қашанда маңызды мәселенің бірі. Олардың демалыс уақытындағы имандылық білім мен тәрбие алуына, жағдай жасау мақсатында Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінде бір жарым айға созылған діни сауат ашу курсыұйымдастырылған болатын. Сауат ашу курсының оқу кестесі жасалып, Құран әліппесі, көркем-мінез, ислам әдептері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан дәрістер жүргізілді. Балалардың көңіл күйін көтеру үшін, сергектік сыйлау мақсатында дәрістерден кейін күнделікті ойындар ойнатылды.
Бүгін сол жаздың алғашқы кезеңде білім алған 70 шәкіртке қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы өз қолымен сертификаттар табыстады. Сонымен қоса бір үйден үш-төрт балаларын сауат ашу курсына ынталы түрде жіберген ата-аналарға алғыс хат берілді.
Шара соңында ата-аналарда өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.