28 маусым – «Бұқаралық ақпарат құралдары күні» құрметіне Ақсу аудандық мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлының ұйымдастырумен аудандық «Ақсу өңірі» газеті ұжымына «Сабырбаевтар» кафесінде ауыз ашар берілді. Оған газеттің қазіргі тілшілері және алдыңғы буын зейнеткерлікке шыққан тілшілер шақырылды. Аудандық мешіттің найб имамы Дүзбаев Ахан аудандық газет ұжымына дініміздің өркендеуіне қосып жатқан үлестеріне рахмет айта отырып, кәсіптеріне өрлеу, шығармашылықтарына сәттілік, еңбектеріне жеміс тіледі.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.