https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

РАНТ мүшесі Жетісу жерінде

26 Feb 2024 0 comment Оқылды: 290 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы Дәуренбеков Жетісу облысына екі күндік іс-сапармен келді.

Іс-сапардың алғашқы күні Талдықорған қаласындағы №1 бала бақша-интернатында есту қабілеті нашар балаларға тәрбиелік мәндегі насихатын айтты. Насихат сурдоаударма арқылы жеткізіліп тұрды. Кездесу соңында балаларға базарлық таратылды.

Сосын РАНТ мүшесі Ә. Дәуренбеков Талдықорған қаласындағы "Авиценна" медициналық колледжінде студенттермен кездесіп, «Дін және жастар» тақырыбында өнеге сөзге тола дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Әбдімүтәлі Қайназарұлы Жетісу облысындағы Құран жаттау курсында оқып жатқан имам-молдаларға арнайы «Құран және тәжуид әдістемелері» блйынша дәріс оқыды. Дәріс соңында Жетісу облысының имамы Керімбек Сәрсембайұлымен бірлесе «Құран және тәжуид» оқыту семинарының курсын тәмамдаған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыстады.

Әбдімүтәлі Қайназарұлының іс-сапары Ескелді ауданына қарасты, Жастар ауылында орналасқан көк күмбезі көкпен таласқан мешіттің салтанатты ашылу рәсімімен жалғасты. Салтанатты жиында сөз алған РАНТ мүшесі ауылдың тұрғындары қасиетті үйдің бой көтеруімен құттықтады. Мешіт ашылуы мен жұма намазға қатысқан ауыл ақсақалдары ризашылықпен мәртебелі қонақтың иығына шапан жауып, баталарын берді.

Іс-сапар жалғасында облыстық Жетісу телеарнасында «Иман нұры» бағдарламасында РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков "Білім алудың пайдасы мен артықшылығы" жайында сұқбат беріп, телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Жетісу облыстық мешіттің баспасөз қызметі

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4204-rant-m-shesi-zhetisu-zherinde.html#sigProId6747fcbcc6

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз