ҚМДБ Жетісу облысы, Талдықорған қалалық “Тәубе” мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Жұма күні облыс имамы Керімбек Сәрсембайұлы қалалық “Тәубе” мешітінде “Құран сауатты болуды талап етеді” тақырыбында жұма уағызын айтып, жиылған көпшілікті өзіне ұйытты.
Облыс имамы жергілікті жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған бас имам Серік Шәріпұлын таныстырды. Осы уақытқа дейін өзі имамдық қылған мешіт жамағаты жаңа имамды жылы қабылдап, қариялар жаңа қызметке сәттілік тілеп, батасын берді.
Шәріп Серік
2007-2011 жылдары Нұр-Мүбарак университетінде “Исламтанушы” мамандығы бойынша білім алған.
2021-2023 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің “Тарих” ғылымдарының магистры атанды.
2011-жылы Жерісу облысы Алакөл ауданы орталық мешітінің найб имамы, 2011-2017 жалдары Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қалалық мешітінің имамы.
2017-2023 жылдары Жетісу облысы Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы болды. Отбасылы, 3 баланың әкесі.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4135-zha-a-ta-ajyndau.html#sigProId6a138c37b2