https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Зекет және қайырымдылық қоры 9-шы алаңда наурыз мерекесін өткізді

19 Apr 2023 0 comment Оқылды: 102 рет

“Көрші ақысы, тәңір хақысы” деп атам қазақ айтпақшы “зекет және қайырымдылық қорының” өкілі Омар Хадыстың бастамасымен көктем мерекесі 22-ші наурызда  9-шы алаң 41-ші үй өзінің тұрып жатқан көп қабатты аула көршілерімен бірігіп 

бұрын соңды болмаған ауқымды көрші аралық мереке ұйымдастырды. Атамыздан қалған мұра қазақтың кигіз үйі тігіліп кигіз үйде ұлттық салт-дәстүр жабдықтарымен кішігірім көрме ұйымдастырылып, кигіз үй ішінде де сыртында да домбырамен ән-күй шырқалды. Аулада қазан-ошақ жағып көже, палау, ыстық бауырсақ пісіріліп дастархан жасалды. Балалар түрлі өнер көрсетіп, ұлттық ойындар ойнап, ыстық бауырсақтан мәз болып тасып жеп аула тұрғындары мәре-сәре болды. Домбырамен түрлі қазақша ән-күй шырқалып аула ауыл көрінісіне тұнғандай болды. Ата-апалар, жастар қазақша шапан, камзолдарын киіп қазақша ән-күй шырқап, би билеп, түрлі ойындар ойнап жеңімпаздар әртүрлі сыйлықтармен марапатталды. Көршілер ризашылықтарын білдіріп, осындай шара жылда өз жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз