ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігінің ұйымдасьырумен облыстық «Иман» мешітінде құлшылық ордаларының қасиетті Рамазан айына дайындығы пысықталып, мешіт бас имамдарының қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Өңірдің бас имамы Алмас Данағұловтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында бірқатар мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, мүбәрак айдың келуін сүйіншілейтін көше баннерлері мен құттықтау хаттарын әзірлеу, өкілдік сайттары арқылы оқырманға ораза жайлы ақпарат жеткізу, ғаламтор желісіндегі сұрақтарға жауап беру, жүргізіліп келе жатқан дәрістердің ауқымын кеңейту, биылғы Рамазанға қатысты Діни басқарма пәтуаларын насихаттау сынды тапсырмалар беріліп, жауапты имамдардың кестесі құрылды.
Сондай-ақ, жиналыс барысында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жұмысына да баса мән беріліп, ауызашар шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру тапсырылды.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4074-zhetisu-imamdary-ramazan-a-bas-osty.html#sigProId6c9ffbe481