https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Талдықорған орталық мешітінде «Деструктивті бағыт – дін емес» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды

28 Mar 2023 0 comment Оқылды: 88 рет

Талдықорған орталық мешітінде «Деструктивті бағыт – дін емес» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағыты бекітіліп, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған орталық мешітінде «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында өңір имамдарына арналған семинар өтті. Ақпараттық-танымдық мақсатта ұйымдастырылған шарада облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, өңірдің жат ағымнан сақтандыру бағытына жауапты маманы Жардыбайұлы Ережеп мамандарға дәріс оқып, дін қызметкерлерімен білгендерімен бөлісті. Қоғамда өзекті болған жат ағыммен күрес жолдары талқыланып, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы деструктивті діни бағыттардың алдын-алу бойынша жұмыстар пысықталды. 

Сондай-ақ Жардыбайұлы Ережеп «MUFTIYAT» баспасынан діни оңалту бойынша арнайы оқулық дайындалып жатқанын жеткізді. 

Мүфтият тапсырмасына сай, өңір имамдарына классикалық діни түркі кітаптарын оқыту бойынша танымдық семинармен жалғасты.


Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз