https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Талдықорған орталық мешітінде «Шариғат және пәтуа беру тағылымы» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды

28 Mar 2023 0 comment Оқылды: 92 рет

Талдықорған орталық мешітінде «Шариғат және пәтуа беру тағылымы» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды.

Аталмыш семинарда ҚМДБ Жетісу облысы бойынша пәтуа беру бағамына жауапты маманы Хамитұлы Табарак имамдарға дәріс оқыды. Шариғат және пәтуа беру саланың қыр-сырына тоқталған Хамитұлы Табарак дәріс барысында Құран, хадис, ижмаь, қияс саласы, пәтуаның анықтамасы мен пәтуа берудің әдебі туралы қызықты мағлұматтарын бөлісті. Сондай-ақ, отбасы және ажырасу, талақ т.б. өзекті тақырыптарды қозғап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ семинарға Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, шаһар имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Семинар қорытындысында мүфтияттың баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы-3» кітабы үлестіріліп, түсіндірме жұмысы жасалды.


Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз