ҚМДБ Жетісу облысы бойынша «Жастар ісі» секторының ұйымдастырумен Талдықорған орталық жүзу бассейнінде облыстық мешіттердің ер жамағаттары арасында суда жүзуден жарыс өтті.
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатына қатысқан өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, орталық бассейн басшысының орынбасары Әлібек Қайырбекұлы, өңірдің дін мәселерін зерттеу орталығының мамандары сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Бас имам өз кезегінде жарыстың өтуіне қолдау білдірген облыстық спорт басқармасының басшылығына, бассейн басшылығына, дін мәселелерін зерттеу орталығының басшылығына алғыс білдірді.
Шараның мақсаты жамағаттардың ауызбіршілігін нығайту, спортқа баулу.
Жабық бассейнде суда жүзуден облыста алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа 18 жастан жоғары, барлығы 60-тан аса спортшы қатысты. Бір реттік жүзу бойынша бәсекеге түскен жарыста ауыл-аудан және қалалық мешіттерден келген ер жамағаттар бақ сынасып, жүлделі 5 орынның иегері үздік болып танылды.