ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы Ақсу аудандық мешіттің ұйымдастырумен өткен ауылдық мектеп балаларының арасындағы волейбол жарысына қатысты.
Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ әрі Алла үшін сүйіктірек. Әйтсе де екеуінде де жақсылық бар» - деген хадистің мұсылман адамның физикалық денсаулығына қатысты айтылғаны сөзсіз. Мектеп балаларының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен волейбол жарысында өңірдің үздік командалары өзара мықты үштікті анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша үздік болған командалар ақшалай сыйлықпен медаль, дипломдармен марапатталды.
Жарыс жүлдегерлерін марапаттағаннан кейін, ҚМДБ-ның Жетісу өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлы спорттық доданың жүзеге асуына барынша қолдау көрсеткен ауданның бас имамы Манбетов Анарбайға, жергілікті имам-ұстаздарға, сонымен қатар іс-шараның өміршең болуына атсалысып, қол ұшын берген барша азаматтарға, барлық командаға рахмет айтып, алғысын білдірді.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4069-mdb-zhetisu-oblysyny-bas-imamy-mektep-balalaryny-arasynda-y-volejbol-zharysyna-atysty.html#sigProId9bc01cc2c9