https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Ақсу ауданының жастарымен жүздесті

28 Mar 2023 0 comment Оқылды: 98 рет

 

Шараға Ақсу аудандық политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Кездесуде бас имам исламнан және салт-дәстүрден тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды ғибрат айтты.

Кездесуде бас имам білімнің де маңызына тоқталып: «Бүгінгі заманауи жастардың білімі мен кемелді келешегі қоғамды толғандыратын өзекті мəселе. Қазіргі қоғамда терең білім алған, жақсы тəрбиеленген, бәсекеге қабілетті, бастамашыл, дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ қоғамның басты темірқазығы болып есептеледі. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді.

Сонымен қатар Алмас Сағидоллаұлы тәрбиемен қатар құрсақтан берілетін иманды әдет-ғұрып, өнегелі салт-дәстүр, ұлттық болмыспен келетін тәрбиенің маңыздылығы туралы да айта келе, еліне елеулі қызмет етіп, өнеге болып жүрген ардақты азаматтарды да мысал ретінде келтіріп, адамгершілікқұндылықтарды кең көлемде баяндады.

Студент жастар қауымы бас имамның тағылымды насихатын ұйып тыңдады. Арасында сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды. Колледжі басшылығы тәлімдік жүздесу үшін өкілдікке алғыс білдірді.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз