Ақсу ауданына жұмыс сапары аясында Жетісу облысының бас имамы Данағұлов Алмас аталған ауданның әкімі Есім Сейілханұлымен кездесті.
Алмас Сағидоллаұлы бастаған дін қызметкерлерін жылы шыраймен қабылдаған Есім Сейілханұлы жергілікті имамдардың аудандық руханиятқа және қоғамдық өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігін атап өтті.
Сонымен қатар қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. Кездесу соңында аудан әкімі ҚМДБ-ның Жетісу облысы өкілдігінің ұсыныстарын толық қолдайтынын жеткізді.
Жиын соңында ауданның бас имамы Манбетов Анарбайдың өңір бойынша дайындалған діни ахуал, дін қызметкерлерінің жағдайы сынды баяндамасы тыңдалды.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4067-bas-imam-a-su-audanyny-kimimen-kezdesti.html#sigProId365451e29f