https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

“Дәстүрлі дін – мәдениеттің алтын діңгегі, рухани тәрбиенің көзі”

10 Mar 2023 0 comment Оқылды: 155 рет

РАНТ мүшесінің Көксудағы әсерлі кездесулері жалғасуда

Бүгін ҚМДБ жанында құрылған Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, Желеуов Дастан Сүлейұлы уағыз-насихат жұмыстарын аудандық ауруханада ақ халатты абзал жандармен кездесуімен жалғастырды. РАНТ мүшесі «Дәстүрлі дін – мәдениеттің алтын діңгегі, рухани тәрбиенің көзі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.  Дәрігерлер жүргізген насихатқа ризашылығын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарына жауаптар ала алды. 

Одан соң Дастан Сүлейұлы  аудандық «Балпық би» мешітінде жұма намазына  жиналған жамағатқа «Алланың разылығын қалай табамыз? тақырыбында салихалы уағыз-насихатын өрбітіп, елдің тыныштығы мен ынтымағының маңыздылығына тоқталды.

РАНТ мүшесінің өзекті де көкейге қонымды уағыздары Көксулықтардың көңілінен шығып, жұртшылық Шымқалалық имамға шынайы ризалықтарын айтты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз