Көксу ауданына арнайы іс-сапармен келген Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Шымкент қаласы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов Сүлейұлы жоспарға сәйкес уағыз-насихат жұмыстарын “Б. Құндақбаева” атындағы мектепте кездесумен бастады. РАНТ мүшесі деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері мен олардың жағымсыз салдары туралы түсіндірді. Дәріс соңында ұстаздармен оқушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Келесі кездесуін РАНТ мүшесі аудандық мәжіліс залында түрлі салада қызмет атқарып жатқан аудан жастармен «Жастар және Ізгі қоғам» тақырыбында кездесуі өтіп, ұлттық дәстүр, деструктивті жат ағымдардың қауіп-қатері және оның алдын алу жайында сұхбат жүргізді.
Одан әрі орталық мешітте Дастан Сүлейұлы аудан көлеміндегі мешіттердің имамдарына яғни дін қызметкерлеріне семинар өткізді. Кездесуде имамға көркем мінез, кемелдеген тұлға тақырыптарында дәріс оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жиналысқа қатысқан имамдар дін жолындағы қызметтеріне құлшыныстары артып, пайдалы кеңестер алып тарқасты.
Сонымен бірге ақшам намазынан соң аудандық «Балпық би» мешітінде РАНТ мүшесі, Дастан Сүлейұлы жамағатпен жүздесті. РАНТ мүшесі жамағатқа «Ата-бабамыз берік ұстанған Ханафи мазхабы негізінде жамағатқа тәлім беріп көркем уағыз-насихат айтты.
Уағыз соңында мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бірінші күннің қорытындысы ретінде Көксу жұртшылығы мәртебелі ұстаз Дастан Сүлейұлына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4062-k-ksu-audanynda-rant-m-shesi-ua-yz-nasikhat-zh-mystaryn-zhasady.html#sigProId67118975a4