Ескелді ауданы, Жетісу ауылдық округінде Ата мекенге ақшашу атты қайырымдылық кеш ұйымдастырылды.
Мәдени шараға аудан имамы Мұхаммед Ордыбай мен Жетісу қалалық мешітінің имамы Болат Жұмағалиев қатысты.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында мұсылман қауымының бірлігін нығайту айтылып өтті .
Бүгінде Жетісу ауылдық округінде ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Бағдарлама барысында ауыл тұрғындарынан құралған өнерпаздар дәстүрлы әннен өнер көрсетті, жұртшылықты бір серпілтті.
Кеш аясында Жетісу ауылдық округінде «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Ескелді аудандық Зекет және қайрымдылық қоры ұйымдастырумен 3- көпбалалы анаға 40 000 теңгеден және 3- зағип жанға 15 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4057-oldan-ol-a-ajyrymdyly-aktsiyasy-jymdastyryldy.html#sigProId9913b7bd5e