"Жетісулық әйелдердің таңдауы Адал ас" атты танымдық семинар өтті.
ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС және Жетісу облысы өкілідігінің ұйымдастырумен облыстық Тіл сарайында "Жетісулық әйелдердің таңдауы Адал ас" атты танымдық семинар өтті.
Шараға ҚМДБ "Халал дамудың" бас сарапшы-технологы Жанар Мұратқызы, технолог Әселхан Сәбитқызы қатысты.
Шараның мақсатында ас үйдің иелеріне адал астың дайындалуы барысында негізге алынатын кеңестер айтылды.
Тағамдық қоспалар бойынша рұқсат етілген азық түрлерімен тағам қоспалары слайд бойынша көрсетілді. Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда: Халал өнімінің діндегі және қоғамдағы орны, маңыздылығы, ерекшелігі талқыланды. Сонымен қатар, "Адал ас" тақырыбында технолог маманның дәрісі тыңдалды.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4055-zhetisuly-jelderdi-ta-dauy-adal-as.html#sigProId3629dc43b8