ҚМДБ Жетісу облысы бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлының тапсырмасына сай, өкілдіқтің ұйымдастырумен Игі ана – ізгі қоғам негізі атты тақырыбында Әжелер мектебін жаңғыртуға бағытталған танымдық семинар өтті.
Шараға облыстық әжелер алқасының мүшелері, аналар бірлестігінің мүшелері, мешіттің ұстаздары мен әйел жамағаттары қатысты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, “Әжелер мектебін” жаңғырту мақсатында өткен шарада өңірдің әйел ұстазы Айгерім Атымтайқызы әйел адамның исламдағы мәртебесі мен қоғамдағы рөлі жайлы атап өтсе, қонақ болып келген үлкен аналарымыз ұрпақ тәрбиесіне тоқталып, оның ішінде ата-бабаларымыздың қыз балаға, оның ибалылық мінезіне ерекше мән бергендегі хикметін түсіндірді.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4054-zheler-mektebin-zha-yrtu-o-am-talaby.html#sigProId701d5efa36