https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС ИМАМ ЖЫЛ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

10 Mar 2023 0 comment Оқылды: 103 рет

ҚМДБ Жетісу облысының бас имам Алмас Сағидоллаұлының басшылығымен облысқа қарасты қала және аудандық, ауылдық мешіт имамдарының алқалы жиыны өтті. 

 

Жиында бас имам ҚМДБ бекіткен 2023 жылғы жұмыс жоспарын баяндады. Биылғы жылдың алғашқы басқосуында имамдардың жаңа жұмыс жоспарымен танысып, жан-жақты талқылаудан өткізді.

 

Имамдардың әрқайсысына жұмыс жоспарын жеке-жеке таныстыруына арнайы уақыт беріліп, өкілдік қызметкерлері жұмысты жетілдіруге қатысты ұсынысын ортаға салды.

 

Бұған дейін дін қызметкерлері жеті бағыт бойынша жұмыс жасап келген болса, биылдан бастап Бас мүфти бекітуімен бес бағыт бойынша бекітілген жауапты имамдар қызмет етпек. Олар: Дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат ағымдардан сақтану. 

 

Қала, аудан имамдарының жылдық жоспарына аталмыш бес бағыттағы тапсырмалар енгізіліп, олардың орындалу мерзімдері бекітілді. Теріс ағымның алдын алудың бірден-бір жолы – діни сауаттылықты арттыру мен діни кадр даярлау. Осы мақсатта жамағат арасында әртүрлі білім сайысын өткізу де белгіленді. Одан бөлек – уағыз-насихат жұмыстары, онлайн дәрістер, діни сұрақтарға жауап беру, әлеуметтік желімен жұмыс жасау, муфтият уағыздарын бөлісу және насихаттау, діни оңалту жұмыстарын жетілдіру, жастар ісі секторы мен әйел-қыздар секторының жұмысы және қайырымдылық бағыты мен халал жұмыстарының тың жобаларын жүзеге асыру да жоспарда көрсетілген.

 

Қала, аудан, ауыл имамдарының жылдық жоспарын бекіткен бас имам Алмас Данағұлов жоспарда көрсетілген іс-шараларды тиянақты орындау үшін имамдарға табандылық таныту керектігін жеткізді.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4049-bas-imam-zhyl-zhosparymen-tanystyrdy.html#sigProId3474f8690f

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз