Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек қажы Сәрсембайұлы облыс орталығындағы 55/14 “Ұлттық ұлан” әскери бөлімінде жеке құраммен кездесу өткізді. Әскери бөлімнің қызметкерлері мен Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар қатысқан жиында “өзіне-өзі қол жұмсау”, “жат ағымдармен күрес”, “Отанға қызмет-ұлы міндет” тақырыптары тілге тиек етілді.
Керімбек имам елді ішінен бүлдіріп тынатын жат ағымдардың қалайша астыртын жұмыс істейтінін, оларды таратушы адамдардың қандай белгілері болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
{gallery}Otangaqyzmet{/gallery}