Жетісу облысы, Көксу ауданының әкімі Мәрлен Қапашұлы Көлбаев Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Жетісу облысы бойынша бас имамы Алмас Данағұловпен кездесті.
Аудан басшысы кездесу барысында діни ахуалдың тұрақты екенін айтып, соңғы жылдары бірлігі бекем ауданда атқарылған жұмыстар ауқымды екенін жеткізді.
Өз кезегінде облыс имамы Алмас Сағидоллаұлы мүфтияттың жұмыс жоспарына сай дін мен дәстүрді ұштастырып, жұмыс жасаудың тиімділігі жайында сөз қозғап, осы тұрғыда жанашырлық танытып келе жатқан аудан басшысына ризашылығын білдірді.
Кездесуден кейін аудан әкімі аудандық әкімшілік ғимаратында аудан және ауыл имамдарының қатысуымен жиын өтті. Ауыл имамдарының жұмысқа қатысты өтініш-шағымдары тыңдалды.
Өз кезегінде аудан басшысы Мәрлен Қапашұлы алдағы уақытта тіркелмеген мешіттерді тіркеуге, қысты күндері көмір-отынға, кейбір ауыл имамдарының айлық мәселесін, ауыл мешіттерінің жөндеу жұмыстарын реттеп, қолдау білдіретіндігін және мешітке келген жамағатқа өнегелі насихат айтылып, жастармен жұмыс жасаудың маңыздылығы жайында атап өтті.
{gallery}Audanakimikezdesu{/gallery}