https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Mektepakciasy
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Mektepakciasy

ЖЕТІСУ ӨҢІРІ 3000 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

19 Aug 2022 0 comment Оқылды: 359 рет

 


Бүгін мешітімізде ерекше күн. Мектепке барушы оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрген балалар жаңа заттарын көріп, қуанып мәре-сәре болды. Риясыз көңілдерінің көтерілгенін көріп бізде қуанып қалдық.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Республика деңгейінде «Мектепке жол» атты акциясы өткізіледі. Биылда Жетісу облыстық орталық «Иман» мешітінде өңірдің «Зекет және қайырымдылық» қорыда бұл акциядан қалыс қалмай, тамыз айы басталғалы қызу дайындыққа кіріскен болатын.
Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаңа мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына азда болса көмек көрсету. Бастысы балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау мақсатында осындай игілікті шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы келіп, бөбектерге өз қолымен сөмке-жабдықтарын үлестіріп, бас мүфтидің ыстық лебізін жеткізіп, батасын берді.
ҚМДБ-ның Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы бастаған қала имамдарының ұйымдастыруымен бүгін де міне, мешітімізге ата-аналар мен балалар, телеарна тілшілері және мешіт ұжымы жиналды. Бүгінгі іс-шараның аясында кеңінен айта келе, жаңа оқу жылына аяқ басқалы тұрған 250 балаға мешіт атынан әр біріне жаңа сөмкелер, дәптерлер, қаламдар және сан түрлі мектепке керек жабдықтар үлестірілді. Мешіт ауласында жиылған бүлдіршіндер арнайы бағдарлама аясында ертегілік ойындар ойнап, мәз-майрам болып тарқасты. Жалпы ай басынан бері облыс бойынша мешіт қызметкерлері 3000-ға жуық баланы мектепке дайындауға үлес қосты. 

{gallery}Mektepakciasy{/gallery}

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз