https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Naib mufti
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Naib mufti

НАИБ МҮФТИ ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ

19 Aug 2022 0 comment Оқылды: 503 рет

Жетісу облысының орталығы Талдықорған Орталық мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жұма намазын оқыды.

«Денсаулықтың қадір-қасиеті» тақырыбында жұма уағызын жүргізген наиб мүфти: «Халқымызда: «Денсаулық – зор байлық», «Бірінші байлық – денсаулық», «Байлық – байлық емес, денсаулық – байлық» дегендей нақыл сөздер өте көп. Бұл айтылған сөздерден ата-бабаларымыздың денсаулықты қаншалықты жоғары бағалағандығын, тіпті оны негізгі байлық деп танығанындығын түсінеміз.
Денсаулық нығметіне пенденің шүкірлігі тілмен ғана шүкір сөзін айту емес, оны күту, денсаулыққа зиян келтірмеу, пайдалы тағамдар жеу, денені шынықтыру сияқты істер де жатқызылады.
Адам баласының өмірдегі негізгі мақсаты құлшылық дейтін болсақ, сол құлшылықты орындауы үшін де денсаулық қажет. Мысалы, ораза ұстау, қажылыққа бару сияқты ұлы ғибадаттарды атқаруы үшін адамның денсаулығы жарамды болуы керек. Сол себепті дініміз Ислам адамға өз денсаулығына мән беруді және оны күтуге көңіл бөлуді талап етеді.» деген ойларды тілге тиек етті.
Жұма намазының құтпасы оқылып, жамағатпен бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.
Жұма намазынан кейін наиб мүфти “Еркін” мешітінің жамағаты, дін жанашыры, имамдардың көмекшісі Ускенбаев Ерланға дін үшін жасап жүрген қызметі үшін Умра қажылығының сертификатын табыс етті.

{gallery}Naib mufti{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз