https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Meshit 123
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Meshit 123

БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

18 Aug 2022 0 comment Оқылды: 309 рет

Қала іргесіндегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан мешіттер нысанын аралап, бүгінгі барысымен танысу үшін ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы қала имамдары, ұстаздармен Жастар-2 ықшамауданында және Өтенай елді-мекенінде салынып жатқан мешіттердің құрылыс нысанына барды. Сәулетті мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты.
Аллаға шүкір, бүгінгі таңда мешіт салу қатары Жетісу өңірінде қарқынды дамып келеді. Аталмыш құлшылық үйінің құрылысын жүргізіп жатқан ықыласты жандардың қолдауымен мешіт нысанын барынша сапалы жүргізілуде. Ия, мешіт салу турасында пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады», – деген», – дейді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы болған. Мешіт қызметі тек құлшылық мекені ретінде шектелген емес. Бес уақыт намаз өтелетін киелі орын болуымен бірге, қоғамдық маңызға да ие болған. Өйткені, руханият мәйегі болып табылатын мешіттер – халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, имандылық қағидаттарын жақынырақ танып-білуімізге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
Осындай мақсатта салынып жатқан мешіттерде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары мен дәретханалары қарастылылған. Сонымен бірге, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар қарастырылған.

{gallery}Meshit 123{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз