ҚМДБ Жетісу облысының өкілдігіне қарасты барлық мешітте "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен "Имани жаз" атты балаларға арналған жазғы лагер ұйымдастырылып жатр. Онда балаларға Құран әліппесін үйретіп, Құран сүрелері жаттатылады. Сондай-ақ, әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алады. Және қолөнер сабағы өтіп, мұражайларға экскурсия, бассейн демалыс орындарына саяхат ұйымдастырылады. Бір сөзбен айтқанда балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы болары сөзсіз.
Осындай игі істің алғашы болып "Еңбек" ауылдық мешітінің кішкентай бүлдіршіндері кеше жаздық сауат ашу курсының 1-ші бағамын аяқтады. Өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы үздік болған балапандарды марапатталып, сыйлықтар үлестірді. Батасын беріп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.
{gallery}Imanijaz{/gallery}