Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС ұйымдастыруымен облыстық «Иман» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өтті.
Семинарды “Халал Даму” ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы мен “Шариғат және пәтуа” бөлімінің маманы Құрсақов Медет жүргізді. Ал, облыстан “Халал Дамудың” жергілікті меңгерушісі Ордыбайұлы Мұхаммед, қала имамдары және қасапшылар қатысты.
«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет» деді Медет Құрсақов.
Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелер төңірегінде өрбіді.
{gallery}Qasapwy{/gallery}