ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігінің «ИМАН» мешітінде болашақ қажыларға семинар тренинг өтті.
Дәрісті өткізудегі мақсат – отандастарымыздың ұлы сапарға рухани дайындығын пысықтау, толғандырған сауалдарына толық жауап беру. Өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы қажылық жасауға ниет етушілерге құлшылықтың қасиеттілігі мен сауабы жөнінде айтып, хикметін түсіндірді. ҚМДБ Жетісу облысы бойынша қажылық бөліміне жауапты имамы Болат Сағынғалиұлы ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи шарттар жайында аят-хадистерден дәлелдер келтіріп, қажыларға қажетті маңызды мәліметтерді жеткізді. Орталықтың ұстазы Жардыбайұлы Ережеп имам қажылық сапарына байланысты семинарда қажылықтың парыздары, рәсімдері, умра т.б. шарттар мен рүкіндері жайлы түсіндірді. Семинарда арнайы сұрақтарға жауап берілді.
{gallery}Qazhylyk2022{/gallery}