Алакөл ауданы ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігі “Жастар ісі” секторының ұйымдастырумен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» атты Үндеуін, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларын және ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шараларын Алакөл ауданының тұрғындары мен жастары арасында түсіндіруге арналған қоғамдық – саяси шараларын өңірге қарасты Көктұма, Достық кенті, Ынталы, Қамысқала, Ақтүбек ауылдарында және Үшарал қаласындағы 40398 әскер бөлімінде, шекарашыларменде өткізді. Шараның мақсаты жолдауды дәріптеумен қатар діни ақпарат беру. Ақпараттық насихат тобымен бірге ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігі “Жастар ісі” секторының меңгерушісі Ерлан Кеңесбекұлы және Алакөл ауданының бас имамы Молдахметов Әнет ұстаз әдістемелік ақпараттармен бөлісіп, “Дін мен дәстүр”, “Дін және Жастар”, “Бір шаңырақ астында”, «Қажылық» тақырыптарында ойларын ортаға салды. Сұрақ-жауап болып, түрлі таратпа бүктемелер үлестірілді.
{gallery}Didinmenjastar{/gallery}